Ескі 5000 теңгелік банкноталарды келесі жылға дейін қолдануға болады
Ұлттық банк 2011 жылғы және 2023 жылғы 5 мың теңгелік банкноталарды қолдану мерзімін 2025 жылдың 24 қыркүйегіне дейін ұзартты.
«Айналымда қатар жүру кезеңі аяқталған соң 2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап барлық банк пен Қазпошта 3 жыл ішінде, ал ҚҰБ филиалдары мерзімсіз ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға айырбастайды»,- деп хабарлады ҚР Ұлттық Банкі.