ОТЫЗ ЖЫЛҒЫ БЕЛЕСТІҢ БЕРЕКЕЛІ ТОЙЫ
ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 30 жыл толуы құрметіне орай бүгін Ұлытау облысының орталығында салтанатты жиын өтті. Кеште «Ұлытау облысының мәслихаттары» атауымен тарихи кезеңнен сыр шертетін кітаптың тұсауы кесілді.
Іс-шарада өңір басшысы Дастан Рыспеков облыс бойынша барлық деңгейлі халық қалаулыларын, ардагерлер мен өзге де жиналған қонақтарды құттықтап, бірқатар шақырылымда депутаттық мандатта еңбегі сіңген азаматтарға Ұлытау облысының Құрмет грамотасын табыс етті.
Тарихи кезеңнен тұратын айрықша күнде Ұлытау облысы мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов құттықтау сөзін арнап, бірқатар азаматқа мерекелік марапат табыстады.
Бұл ретте ел дамуына, мемлекеттік басқару ісін жетілдіруге, жаңа облысымыздың жандануына қосып келе жатқан қомақты үлесі үшін бірқатар халық қалаулысы ҚР Сенатының Құрмет грамотасына, Алғыс хаттарына, ҚР Су ресурстары және ирригация, Ұлттық экономика, Экология және табиғи ресурстар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Құрмет грамотасына және Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаттарына ие болды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ІІІ дәрежелі «Кенші даңқы» төсбелгісімен жерлесіміз Асқар Болатбек, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Нұрбек Кульжанов марапатталды.
Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.