ҚҰРМЕТТІ ҰСТАЗДАР!
Мұғалімдер күні – жылулықтың, мейірімнің, ұлағат пен өнегенің мерекесі. Бұл күнді барлық адам ерекше қуанышпен, ерекше құрметпен атап өтеді. Себебі, барлық адамның ұстазы бар.
Қадірлі педагогтер, еліміздің өсіп-өркендеуіне қосып жүрген өлшеусіз үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін.
Ардагерлер ұстаздардың мемлекет игілігі үшін, келешек ұрпақ үшін жасаған ауқымды істеріне бүгінгі ұрпақ өкілі ретінде ризашылығым шексіз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек!
МЕКТЕПТІҢ ЖАНЫ — МҰҒАЛІМДЕР!
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ,
Ұлытау облысының әкімі.