Мәслихат депутаттарының сайлаушылар алдындағы есебі көбіне формальді түрде өтеді – Президент
Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумындағы сөзі басталды.
Мәслихаттар аймақтың әлеуметтік жағдайына әкімдіктермен бірдей жауапты. Депутаттар өкілді билік функциясын халықтың сеніміне сай жоғары деңгейде атқаруы керек. Мәслихат депутаттарының біліктілік деңгейін жоспарлы түрде арттыру қажет. Бұған Мемлекеттік басқару академиясын тарту керек. Партиялар өз депутаттарының біліктілігін жетілдіру мақсатында Академиямен ынтымақтастық орнатқаны жөн деп санаймын,-деді Мемлекет басшысы.
Жалпы, елімізде 3300-ден астам мәслихат депутаты бар. Соның 70 пайызына жуығы форумға қатысып жатыр.