Жер мәселесі: бос жайылымдарды қалай қалпына келтіруге болады?
Ауыл шаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Ауыл тұрғындарына жайылым жетіспейді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені шешуді тапсырды.
Пайдаланылмайтын жайылымдық жерлерді қалай қайтаруға болады — бұл мәселе Нұра ауданындағы кездесуде талқыланды. Кеңесті Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров пен жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор Арман Лямбеков өткізді. Бейнеконференцияға ауылдық округ әкімдері қатысты.
Арман Лямбеков Жер кодексіндегі өзгерістерге назар аударды.
— Жергілікті атқарушы органдарға халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету бойынша барлық құралдар берілген. Заңнамалық база бар, оны пайдалану керек, — деді ол. — ҚР Жер кодексінің 17 бабына сәйкес аудандық мәслихаттар жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарды уақтылы бекітуі қажет. Оның нақты орындалуы мен депутаттар тарапынан қатаң бақылау мәселені шешуге ықпал етеді.
Кездесуде жайылымдар туралы Заң жайлы да айтылды. Оны қалай толық көлемде жүзеге асыру керектігі талқыланды.
Қарағанды облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының ақпараты бойынша