Бұрынғы уақыт белдеуіне көшу мәселесі 3 жылдан кейін ғана қарастырылады
Бұл туралы Сауда министрі Арман Шаққалиев айтты.
«Уақыт белдеуінің адам организміне әсері алдағы 3 жылда зерттеледі. Денсаулық сақтау министрлігі 3 жыл бойы қосымша зерттеу жүргізеді», — дейді министр.
Айта кетері, 1 наурыз күні Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшті.
Бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы ресми петиция 50 мың қол жинаған еді. Алайда ол петицияны Сауда министрлігі қабылдаудан бас тартты.