Қарағандыда бір тәулік ішінде қардың айлық көлемі жауды
Соңғы тәулікте Қарағандыда қардың айлық нормасы жауды. Синоптиктердің болжамынша, жауын-шашын одан әрі де жалғасады. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
«Қарды тазалау мен шығаруға 300-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Бірінші кезекте жолаушылар көлігіне арналған жолдарды, аялдама павильондарын, одан әрі аула кіре берістері мен тротуарларды тазалау жүргізіледі. Жағдайды тұрақтандыру үшін бар күшімізді саламыз», — деп жазды Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өзінің Facebook парақшасында.