Мереке қарсаңындағы марапат

ҚР Конституциясы күні қарсаңында Ұлытау облысының бірқатар азаматы марапатты болды. Өңірдің дамуына әр сала бойынша үлес қосып келе жатқан жандарды Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов құттықтады.

«Ел Конституциясы – мемлекеттігіміздің негізгі құжаты. Ата заңымыздың өзегі – заң үстемдігі, әділдік және жалпыға бірдей мүмкіндік қағидаттары. Конституцияда белгіленген демократия құндылықтары ел дамуының нақты стратегиялық бағдарын айқындайды. Баршаңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын» – деді өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы өз сөзінде.

Атап айтар болсақ, Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанның Құрметті журналисі, ақын Мағзұмбек Машайықұлы «Құрмет» орденімен наградталды.

Сонымен қатар, айтулы мерекеге орай арнайы ұйымдастырылған іс-шара барысында бірқатар тұлғаға Ұлытау облысының Құрмет грамотасы мен Ұлытау облысы әкімінің Алғыс хаты табыс етілді.