ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Кеңгірбай Қоңырұлы Смағұлов 1978 жылы 1 қыркүйекте туған.

2000 жылы және 2012 жылы Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін аяқтаған.
2000 жылы Жезқазған қаласы бойынша Салық комитеті жинау бөлімінің салық инспекторы,
2001-2002 жылдары Жезқазған қалалық экономика комитеті кәсіпкерлік және тұтыну нарығын дамыту бөлімі бас маманы,
2002-2004 жылдары Жезқазған қалалық экономика комитетінің қаржы-несие қатынастары, Әлеуметтік сала және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы,
2004-2005 жылдары Жезқазған қаласы Экономика және кәсіпкерлікті дамыту комитетінің бөлім басшысы,
2005-2006 жылдары Жезқазған қаласы әкімі аппаратының талдау жұмысы бөлімінің бас маманы,
2006-2006 жылдары Жезқазған қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы,
2006-2008 жылдары Жезқазған қаласы әкімі аппаратының басшысы,
2008-2009 жылдары Жезқазған қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы,
2009-2010 жылдары Жезқазған қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы,
2010-2013 жылдары Жезқазған қаласы кәсіпкерлік бөлімінің бастығы,
2013-2015 жылдары Жезқазған қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы,
2015-2020 жылдары Жезқазған қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы,
2020-2020 ж.ж., Жезқазған қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы,
2020-2022 ж.ж., Қарағанды облыстық «Nur Otan» партиясы Жезқазған қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары,
2022-2022 ж.ж., «AMANAT» партиясы Жезқазған қалалық бөлімшесінің жауапты хатшысы,
2022-2023 ж.ж., Ұлытау облысының еңбек инспекциясы басқармасының басшысы,
2023 жылдан осы тағайындауға дейін Ұлытау облысы қаржы басқармасының басшысы қызметін атқарған.