«Жас өлкетанушы» атты жастар мен жасөспірімдердің ғылыми жұмыстары сайысының ЕРЕЖЕСІ
Жезқазған қаласы әкімдігі, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігі «Музей ата» атанған өлкетанушы, Жезқазған қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Сүтемген Тақабайұлы Бүкіровтің 100 жылдық мерейтойына арналған аймақтық «Жас өлкетанушы» атты жастар мен жасөспірімдердің ғылыми жұмыстары сайысын ұйымдастырмақ..
«Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен 2021 жылдың 4 мамыры күні өтетін «Жас өлкетанушы» атты аймақтық жастар мен жасөспірімдердің ғылыми жұмыстарының сайысын ұйымдастырудың тәртібін белгілей отырып, ең үздік ғылыми жұмысына қатысудың шарттары (әрі қарай – сайыс), сонымен қатар, жеңімпаздарды анықтау тәртібі:
- Сайысты өткізу тәртібі мен оған қатысуы
1.1. Конкурсқа қатысу форматы– сырттай, яғни қатысушының қатынасуын қажет етпейді. Сайысқа қатысушылар өз жұмыстарын электронды түрде электронды пошта арқылы жібереді.
1.2. Сайыс екі кезеңде өтеді:
Бірінші кезең – ұйымдастыру комитетіне өтінім мен сайыстың жұмыстарын жіберу.
Екінші кезең – сайыстың жұмыстарын сараптау, сайыстың жеңімпаздарын анықтау.
1.3. Сайысқа қатысу үшін оқушылардың өздері жазған, немесе ғылыми жетекшінің көмегімен жазған зерттеу жұмыстары қабылданады.
1.4.Зерттеу бағыттары:
- тарих; 2. филология; 3. қоғамтану; 4.география; 5. мәдениеттану.
1.5. Сайысқа қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне сәуір айының 10-на дейін электронды пошта арқылы «Жас өлкетанушы» деп белгіленген өтініш пен тақырыпқа сай жазылған зерттеу жұмысын жеке файлда жіберу керек. Жұмыс еркін түрде безендіріледі.
Электрондық пошталар: (е-mail):kabdol.auezov.78@mail.ru, seifullina_biblio@mail.ru
1.6.Берілген жұмысты бағалау өлшемдері:
- ғылыми жаңашылдығы;
- қаралған мәселенің өзектілігі;
- құрылымның негізділігі және мазмұнының қисындылығы;
- стиль және мазмұнының мәдениеттілігі;
- арнайы әдебиетті пайдалануы және ақпаратты қолданудың түрлілігі;
- шеттілдік әдебиеттерді түпнұсқа тілінде қолданылуы;
- анализдың және ақпараттың өңдеуінің қазіргі әдісінің игерушілігі;
- меншікті ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінің болуы;
- автордың өзіндік жұмыс тәсілі;
- жұмыстың безендірілуі.
1.7. Кез келген сайыскер өзінің зерттеу жұмысын сайыстың электрондық жинағына жариялауға мүмкіндік алады. Баспаға арналған материалдар мақала ретінде безендіріліп ұйымдастыру комитетіне қосымша (3-ші) файл ретінде өтінім мен жұмыспен бірге жіберіледі.
1.8. Конкурстың қорытындысы бойынша комиссия жеңімпаздарды (I, II, III орын) анықтайды. Жүлделі орындарға ақшалай сыйақы қарастырылған. Жеңімпаздардың санына кірмеген қатысушылар, қатысушы дипломдарын алады. Жетекшілерге қорытынды бойынша оқушысын/студентін қатыстырғаны жайлы диплом беріледі. Барлық дипломдар пошта арқылы арнайы хатпен өтінімде көрсетілген пошталық мекен-жайына жолданады. Өз материалы жарияланған сайыстың электронды жинақтары сайыскерлерге жіберіледі.
Жинақ PDF форматында баспадан шығып, авторлардың электронды поштасына қорытынды шыққаннан кейін бір айдың ішінде жіберіледі.
- Баспаға шығарылатын зерттеу жұмыстарын безендірудің талаптары:
2.1. Баспаға 3-4 беттен кем емес жұмыс қабылданады.
2.2. Жұмыстар Microsoft Word редакторында орындалуға тиіс: парақтың бағдарлауы – «книжный», формат А4, жиек жол беттің периметрінен 2 см болу керек, шрифт Times New Roman, шрифттің мөлшері 14 тең болу керек (таблицаға шрифтің мөлшері 12 болу керек), жоларалық интервал – 1,0, азат жол – 1 см. Беттер нөмірленбейді.
3.3. Суреттер анық көрінетін болу керек. Суреттің атаулары мен нөмірлері суреттің төменгі жағында, ал таблица атауы мен нөмірлері үстіңгі жағында болған жөн.
3.4. Қолданылған әдебиет тізімі алфавитті тәртіпте болу керек. Дерекнамаға сілтеме төртбұрыш жақшада болуы тиіс (үлгі: [1, с. 233]).
Мақаланың тақырыбын безендіру үлгісі
Методика сохранения и реставрации храмов
И.И. Иванов Карагандинскиий государственный университет имени Е.А.Букетова, г. Караганды Текст, Текст, Текст, Текст, Текст, Текст, Текст, Текст, Текст, Текст, Текст, Текст, Текст, Текст, Текст, Текст, Текст, Текст, Текст, Текст, Текст, Текст, Текст, Текст, Текст, Текст. Список литературы 1. Багалей Д. Очерки из истории колонизации степной окраины Московского государства [Текст] / Д.И. Багалей. – М.: Из Императорского об-ва истории и древностей России, 1887. – С. 87. 2. 2. Васильев О.В. Домовые храмы вузов и действующее российское законодательство. Доклад на Первом фестивале православной студенческой молодёжи России [Электронный ресурс]. Режим доступа // htt: // www. pravoslavie.ru/ jurnal/ donhram.htm/ 14.10/ 2002. |
Анықтама телефондары: 8 (7102) 737753, 711115 Жауапты: Қабдол Жанділдәұлы Әуезов, ұ.т.: 8 777 4866912; Ғалия Исламовна Ғазизова – С.Сейфуллин атындағы Жезқазған қалалық әмбебап кітапханасы ақпаратты-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі, ұ.т. 8 777 3917067.
Талаптар сақталмаған жағдайда немесе белгіленген мерзімнен кеш ұсынылса, сондай-ақ, ғылыми қызығушылық білдірмейтін жұмыстар қабылданбайды және кері қайтарылмайды.
Ұйымдастыру комитеті.