Жемқорлық көріністері – күрделі мәселе
Сыбайлас жемқорлық көріністері – күрделі мәселе. Ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
ҚР заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстарға негізінен лауазымдық қылмыстар жатады. Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын жұмыстардың деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Қарапайым адамдар өздерінің құқықтарын, қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолданудың нақты жолдарын толық білуі қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу, сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету, қоғамның мемлекет пен оның институттарына сенімін нығайту – бүгінгі күннің басты талабы.
Аумақтық инспекцияда жеке және заңды тұлға ретінде жұмыс істейтін ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер мен кәсіпкерлер құқықтарын қорғауға, олардың қызметіне заңсыз араласпауға, мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлердің коммерциялық мүддесін сүйемелдеуіне жол бермеуге бағытталған ішкі бақылау – тексеру күнделікті жүргізіледі. Өтініштер бірыңғай жүйе базасына енгізіліп отырады. Мемлекеттік қызмет көрсету негізінде стенд орнатылып, тиісті ақпараттық кеңес алуға мүмкіндік жасалынған.
Инспекция басшысының азаматтарды қабылдауы күн сайын сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі. Оның жеке табысы, мүлкі және мекеменің сенім телефоны «Ұлытау» және «Заман» газеттерінде жарияланып тұрады.
Светлана ГРИГОРОВИЧ,
ҚР АШМ АӨК МИК
Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы басшысы.