«Баланы мектепке даярлайық!»: «AMANAT» партиясының қайырымдылық акциясы бастау алды
«AMANAT» партиясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Баланы мектепке даярлайық!» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясының басталғаны туралы хабарлайды.
Партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында қолға алынған дәстүрлі іс-шара 12-30 тамыз аралығында өтеді.
Акцияның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу.
Акцияға партияның Орталық аппараты мен аймақтық, аумақтық филиалдарының қызметкерлері, партия депутаттары мен белсенділері, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері қатысады.
Акция барысында балаларға мектеп формасы, жаңа оқу жылына қажет оқулықтар мен кеңсе тауарлары салынған рюкзактар ұсынылады.
Биыл 15-ші мәрте ұйымдастырылғалы отырған акция барысында 45 мыңнан астам баланы жаңа оқу жылына даярлау жоспарлануда.