Орталық Азия елдері өздерінің қалыптасқан дербес мемлекет екенін дәлелдеді – Қасым-Жомарт Тоқаев

Орталық Азия кеңістігі сан алуан империяның құрылғанына, ыдырағанына, саяси және экономикалық модельдердің табиғи жолмен дамығанына куә болды, бірақ өзіне тән бірегейлігін сақтап қалды.  Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жариялаған «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» мақаласында айтылған.

«Дамудың жаңа тарихи кезеңінде Орталық Азия елдері көптеген сынақ пен қиындықты бастан өткерді. Дегенмен Орталық Азия республикалары «қалып­таспаған мемлекеттердің» қатарына немесе failed states деп аталатын топқа қосылады деген пес­симистік болжам расталған жоқ. Аймақтағы елдер өздерінің қалыптасқан дербес мемлекет екенін дәлелдеп, халықаралық қауымдастықтағы лайықты орнын алды.

Мемлекеттік шекараларды дели­митациялауға, шекарадағы өткізу бекеттерінің жұмысын жетілдіруге, көлік қатынасын кеңейтуге, жаңа бағыттарды іске қосуға және азамат­тардың барыс-келісін жеңілдетуге қатысты мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге қолайлы жағдай жасалып отыр. Өңірдің ұзақмерзімді қауіп­сіздігін және өркендеуін қамтамасыз ету үшін күш біріктіру жолындағы іс-қимылдар да тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді.

Бүгінгі таңда бес мемлекет ара­сындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынас­тар нақты мазмұнға ие болып, те­рең стратегиялық әріптестік пен одақ­тастық деңгейге көтерілді», — делінген Мемлекет басшысы мақаласында.