Белсенділерге марапат тапсырылды
Аудан әкімдігінде «Қарағанды облысы «Азаматтық Альянс қауымдастығы» атынан Ұлытау ауданының үкіметтік емес ұйымдары өкілдеріне марапаттар тапсыру шарасы өтті.
Аудан әкімі Берік Әбдіғалиұлы «Ұлы тағзым» қайырымдылық қорының өкілі Бақтияр Қожахметовке «Ең таңдаулы үкіметтік емес ұйым – 2020» конкурсының жеңімпазы дипломын тапсырды. Сондай-ақ, «Аяулым» қоғамдық бірлестігі мен Қарағанды облысының «Азаматтық Альянс қауымдастығының» мүшесі Қаламқас Әбдуалиева және «Мейірімді жүрек» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Қарағанды облысының «Азаматтық Альянс қауымдастығының» мүшесі Эльвира Алпанбаева облыс аумағында азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін Эльмира Ершұмановаға «Ұстаным» естелік төсбелгісін табыс етті. Бұдан кейін аудан әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен облыстық «Азаматтық Альянс қауымдастығының» мүшелері тарапынан азаматтық қоғамды дамыту, жастардың белсенділігін арттыру, тың бастамалар көтеру, қоғамдағы күрделі мәселелерді шешу бағытындағы ұсыныс-пікірлер ортаға салынып, талқыланды.
Жасұлан АЯШЕВ