Құқықтық сауаттылық мектептен басталады

Құқықтық сананың төмендігі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да қазіргі кезде құқықтық мәдениеті жоғары, білімді оқушылар тәрбиелеу және қалыптастыру ісі кезек күттірмей атқарылатын мемлекеттік маңызды шаралардың қатарында тұр.

Байқоңыр ауылындағы №17 орта мектепте оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мазмұнды шаралар өткізіліп тұрады. Жуырда облыстық «Құқықтық навигатор» апталығының аясында сондай бір айшықты іс сәтімен өткізілді. Онда «Кәмелетке толмағандардың мектептегі терроризм фактілері мен біле тұра жалған хабарламалар үшін жауаптылығы» деген тақырыпта жоғары сынып оқушыларына кеңес берілді. Іс шараға мектептің әлеуметтік педагогы Тағанбай Жалмурзин ұйтқы болды.

Кездесуге Байқоңыр ауылының учаскелік полиция инспекторы Серік Есенғалиев, «Балалар өкілі» Марат Мейірхан және мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлсім Насыритдинова қатысып, келелі әңгіме қозғап, оқушыларды қызықтырған сұрақтаға жауап берді.

Аманкелді АҚШАЛ.

БАЙҚОҢЫР ауылы.