Құрметті еңбек ардагерлері, өндіріс озаттары!
Баршаңызды кәсіби мереке – «Металлург күнімен» құттықтаймын!
Биыл бұл мереке халқымыздың біртуар перзенті академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.
Өздеріңізге белгілі Қаныш Сәтбаевтың ғылыми ойы мен көрегендігі нәтижесінде 1966 жылы Жезқазғанда жаңа мыс зауытының құрылысы басталып, 1971 жылы зауыт пайдалануға берілді.
Бүгінгі таңда Жезқазған мыс балқыту зауытының өнімдері бүкіл әлемге танымал. Ал, осы салада қызмет ететін мамандар
ел экономикасының өркендеуіне орасан зор үлес қосып жүр.
Жарты ғасыр ішінде мыс балқыту зауытында металлургтердің бірнеше буыны ауысты: еңбек әулеттері, көптеген құрметті металлургтер, өндіріс озаттары және болашағы зор жастар өсіп келе жатыр. Қазірдің өзінде Жезқазған мыс балқыту зауытында 2100-ге жуық адам жұмыс істейді.
Сондықтан әсіресе Жезқазған және Сәтбаев қалалары тұрғындары үшін Металлург күні – бұл жай ғана кәсіби мереке емес. Жергілікті тұрғындардың күнтізбесіндегі маңызды күндердің бірі.
Құрметті мерейтой иелері!
Зауыт жұмысы үздіксіз екені белгілі, ал металлургтер тәуліктеп жұмыс істейді. Сондықтан осы мереке күні балқыту пештерінің қасында, қайнап жатқан металдың жанында тұрып еңбек етіп жатқан қызметкерлерге де ризашылығымды білдіремін.
Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ,
Ұлытау облысының әкімі.