Департаментте – жаңа басшы

Ұлытау облысы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы тағайындалды.

Бакушев Рүстем Мәсімханұлы 1978 жылы 5 сәуірде дүниеге келген. Алматы коммерциялық институтын «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Бірнеше жыл қатарынан Алматы қаласының Түрксіб ауданы бойынша Салық комитетінде және Алматы қаласы бойынша Салық комитетінде әртүрлі лауазымда болды.

«Alan Holding» ЖШС және «Лидер Строй» ЖШС коммерциялық директоры, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Астана филиалы директорының кеңесшісі болды.

Осы тағайындауға дейін «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті» ММ басшысының орынбасары қызметін атқарды.