Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды
Ұлытау облысы әкімінің экономика, қаржы, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп саласы мәселелеріне жетекші орынбасары тағайындалды.
Жәнібек Нөпіров 1980 жылы туған.
2001 жылы Қарағанды экономикалық университетін, 2005 жылы Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институтын, 2010 жылы Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1999-2001 жылы Астана қаласы бойынша Қазынашылық басқармасының төлемдерді реттеу және бақылау бөлімінің аға қазынашысы, бас қазынашысы қызметтерінен бастаған;
2001-2006 жылдары Қаржы министрлігінің құрылымында бас маманнан бастап басқарма бастығына дейін түрлі лауазымдарды атқарды.
2006-2007 жж. — ҚР Статистика агенттігінің Ішкі әкімшілік департаменті директорының орынбасары;
2007-2008 жж. — ҚР ҚМ Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және әдістемесі департаменті директорының орынбасары;
2008-2010 жж. — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономикалық саясат және болжау департаменті директорының орынбасары, Корпоративтік даму департаменті директорының орынбасары, директоры;
2010-2013 жж. республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің құрылымында жұмыс істеді.
2013-2019 жж. — ҚР Президент Әкімшілігі бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі;
2019-2021 жж. — ҚР сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы лауазымдарын абыроймен атқарған.