Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен кездесті
Президент «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы Парламентте қаралып жатқанын және Сенат оны бірінші оқылымда мақұлдағанын атап өтті.
«Шикізатқа арқа сүйеп отырған ел алысқа бармайды. Бізге ғалымдар, инженерлер, өнертапқыштар қажет. Мамандарымыз әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай білімді, білікті болуы керек. Бүгінде алпауыт елдердің арасында барлық салада бақталастық өршіп тұр. Біз осы күрделі кезеңде экономиканың жаңа үлгісіне көше бастадық. Әділ, инклюзивті әрі бәсекеге қабілетті экономика құруға кірістік. Ғылым мен инновация оның басты тірегі болуға тиіс»,- деді Президент.