Құрметті Ұлытау ауданының тұрғындары!

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының 1-ші кезеңіне құжаттарды қабылдау басталғаның хабарлаймыз!

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды жандандыруға және отбасы мен некенің оң моделін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсты өткізу мақсаты:

1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, некенің маңыздылығын мойындау;

2) балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;

3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарға қамқорлығын арттыру және кеңінен насихаттау;

4) қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер 2024 жылғы 15 мамырдан бастап 2024 жылғы 15 маусымға дейін қағаз немесе электрондық нұсқада «Ұлытау ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде қабылданады.
Толығырақ ақпарат алу үшін 8 705 629 1853 нөміріне хабарласуға болады

Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні – 2024 жылғы 15 маусым сағат 18.00ге дейін.