Қарағанды облысында Ұлы Отан соғысының ардагері 100 жылдық мерейтойын атап өтті

Кеше Шахтинск қаласының Құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері Николай Чирышевқа жүз жыл толды. Сержант ретінде ол 402-ші артиллериялық полк құрамында Орталық және Бірінші Беларусь майдандарында шайқастарға қатысқан. Мәскеу үшін шайқастарға қатысып, Курск доғасында Берлинді алған.

Бұл мереке күні ол отбасымен бас қосып, үйі қонақтарға толды. Мерейтой иесін Шахтинск қаласының басшылығы, депутаттар, интернационалист жауынгерлер және т. б. құттықтады.

Сыйлықтар да табыс етілді. Қала әкімі мерейтой иесінің иығына ұлттық шапан жапты. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы Николай Чирышевтің фотосуреттері мен әскери еңбектері бар стенд дайындады.

Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов өзінің құттықтау сөзінде мерейтой иесіне бейбіт аспан, батырлығы пен ұлы ерлігі үшін алғыс білдірді.

— Мен сізбен танысқанымды мақтан тұтамын. Жеңіс пен Отан үшін жасаған барлық ісіңіз үшін, біздің өңіріміздің дамуына баға жетпес үлес қосқаныңыз үшін рахмет, — деді ол.

Николай Чирышев Смоленск облысында дүниеге келген. 1940 жылы Кеңес Әскері қатарына шақырылып, сержанттар мектебіне жіберілді.  Соғыс қимылдарына белсене қатысып, Берлинге дейін жеткен. Отан алдындағы ерекше еңбегі үшін Николай Чирышев II дәрежелі Отан соғысы орденімен, Қызыл Жұлдыз орденімен, «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдарымен және басқа да көптеген наградалармен марапатталды.

Демобилизациядан кейін Пермь облысында орман шаруашылығының бас механигі болып жұмыс істеді. 1962 жылы Долинка кентіне келіп, сонда қалады. Бұл жерде Николай Чирышев ИТК, «Карагандинский» совхозында бас механик, автогараж механигі, Долинка автобазасының пайдалану бастығы болып еңбек етті. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де майдангер тағы бірнеше жыл өндірісте жұмысын жалғастырды.

Долинкада ардагер үй тұрғызып, балаларын өсіріп, немере-шөбере сүйді, көршілерінің құрметіне ие болды. Өзінің өміршеңдігімен, рухының сергектігімен және физикалық денсаулығының беріктігімен ол әлі күнге дейін басқаларды таңдандырудан шаршамайды.