Мемлекет отбасы ісіне тек баланың өміріне қатер төнген жағдайда ғана араласады
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева желідегі парақшасында әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңның маңызды тұстарына тоқталды.
«Мемлекет отбасы ісіне тек баланың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда ғана араласып, бала құқығын қорғайды. Ана мен бала олардың адми құқығы баршамыз үшін ең маңызды басымдық болуы шарт», — деді ол.