Жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпау қажет – Президент
Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдарын, белсенді азаматтарды және блогерлерді жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпауға шақырды.
«Қазіргі уақытта билік пен қоғамды ұйыстыратын әрекеттер жасау аса маңызды. Азаматтарды тек қана ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамын», – деді Президент.