Жас вокалист ALASH STAR халықаралық байқауында жеңіске жетті

Қарағандылық Жаннұр Самарқан онлайн-режимде өткен Alash STAR ХІІ халықаралық байқауының жеңімпазы атанды. Байқауда ол Ольга Кормухинаның «Путь» әнін орындап, бас жүлдені жеңіп алды.

Жаннұр Самарқан Кеншілер мәдениет сарайының «Шабыт» эстрадалық вокал үйірмесінде бір жарым жыл айналысып келеді. Осындай қысқа уақыт ішінде ол көптеген халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты атанды.

— Жаннұр 14 жаста. Ол мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттың 8-сыныбында оқиды, — деді «Шабыт» үйірмесінің жетекшісі Ерболат Маханбет. — Менің оқушыларым бірінен соң бірі түрлі байқауларда жүлделі орындарға ие болғанына қуаныштымын.

Ерболат Маханбетке ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін Құрмет грамотасы табысталды.