Матиас Корман ұйымның Азия елдерімен, соның ішінде Қазақстанмен жан-жақты қарым-қатынасты нығайтуға бейілді екенін растады
– Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы байланыстар өте жақсы дамып келеді деп ойлаймын. Болашақта бұл қатынастарды кеңейту және нығайту үшін мол әлеует бар. Қазақстан өз саясатын ЭЫДҰ-ның стандарттары мен озық тәжірибесіне сәйкестендіруге ниетті екені қуантады. Сіздің реформаларыңыздың бағдарламаларына көмектесу және қолдау көрсету үшін бар күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз. Біз бүгінде алдымызда тұрған көптеген мәселені шешу мақсатында жаһандық ынтымақтастық деңгейін көтеруге мүдделіміз, – деді ЭЫДҰ басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Ұйымның өңірлік кеңсесін ашу жұмыстарын жалғастыру маңызды екенін айтты. Сондай-ақ ЭЫДҰ өкілдерін алдағы Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.