Мәскеудегі теракт: Қазақстанда сауда үйлері тексеріледі
Ресей астанасы Мәскеудегі терактіден соң Қазақстанда да сауда үйлері мен концерт залдары тексеріледі. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты.
Сенаттың жалпы отырысынан соң журналист министрдің орынбасарына «Мәскеудегі терактіге байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Құқық қорғау органдарына қандай тапсырма берілді? Осындай теракті кезінде азаматтар не істеуі керек» деген сұрақ қойды.
Игорь Лепеха ірі нысандарда қауіп болатынын мәлімдеді.
«Бүгінде сауда үйлері, концерт залдары терроризм қаупі бар нысандарға жатады. Жалпы ауданы 500 шаршы метрден асатын нысандар террористік тұрғыдан осал нысандар категориясына жатады. Сондай-ақ, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары бар. Жалпы мұндай жерлерде адам көп жиналады», — деді ол.
Президент тапсырмасынан соң ІІМ сауда үйлері мен жұрт көп жиналатын орындарды тексеруге кіріскен.