Профилактика: полиция мен пробация есебінде тұрған азаматтар тексерілді
Ұлытау ауданы прокуратурасының, аудандық пробация қызметінің, полиция бөлімінің, білім бөлімінің қорғаншы жəне қамқоршы органының өкілі жəне аудандық аурухананың психологы бар мобильді топпен жуырда Жезді кентінде жəне Ұлытау ауылында тұратын полиция мен пробация есебінде тұрған 9 азаматпен кездесу өткізілді.
Атап айтқанда, 6 сотталғанның жұмыс орнында, 1 сотталғанның тұрғылықты жері бойынша жəне 2 сотталғанмен полиция бөлімшесінде профилактикалық əңгімелесу жүргізілді.
Кездесудегі басты мақсат – шартты түрде бас бостандығынан айырылған азаматтарды тексеру, заң шеңберінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу, мұқтаждығын анықтау жəне психологиялық көмек көрсету.
Кездесу барысында есепте тұрған сотталғандар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұжырымды жауап алды. Қоғамда өздерінің орындарын табуда дұрыс жолды таңдамаған сотталған азаматтар, өз тарапынан кеткен қателіктерін түсінді.
Сонымен қатар, есепте тұрғандарға əкімшілік құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстар үшін, сондай-ақ сотпен жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді.
Аудан прокуратурасымен полиция мен пробация есебінде тұрған азаматтарды тексеру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Ұлытау ауданының прокуратурасы.