Экология министрлігі мен National Geographic қазақстандықтарды байқауға қатысуға шақырады
Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі National Geographic Qazaqstan журналының редакциясымен бірлесіп «Қазақстанның жабайы табиғаты» атты алғашқы республикалық фотобайқауды іске қосатыны туралы жариялады. Жүлде қоры – 1,5 млн теңге.
Осы іс-шара арқылы ұйымдастырушылар адам мен табиғаттың өзара іс-қимыл мәселелеріне, табиғи әртүрлілікті сақтауға, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау идеяларын насихаттауға бағытталған.
Байқауға 18 жасқа толған фотоәуесқойлар мен кәсіби мамандар, міндетті түрде ҚР азаматтары қатыса алады. Қатысушылардың әрқайсысы байқауға әр номинацияда екіден көп емес жұмыс жібере алады.
Фотобайқау номинациялары:
* Қазақстанның құстары мен жануарлары.
* Аналықтар мен төлдер.
* Макромир.
* Қазақстанның пейзаждары.
* Жабайы табиғатты қорғаушылар — жануарларды, табиғатты құтқарған жанашырлардың фото тарихы.
Әр номинация бойынша жеңімпаздар 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады.
Сараптау комиссиясының құрамына шетелдік және отандық фотографтар, фотография саласындағы сарапшылар, БАҚ өкілдері кіреді.
Жұмыстар 2021 жылдың 1 ақпанынан 15 сәуіріне дейін қабылданады. Қорытынды 20 сәуірде шығарылады.
Байқау шарттарымен мына сілтеме бойынша толығырақ танысуға болады: https://www.photocontest.kz/inside/6/.