Ертең Қазақстан бойынша ауқымды сейсмикалық жаттығулар өтеді

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

«Сейсмикалық жаттығулардың негізгі мақсаты – жер сілкінісі қаупі мен орын алуы кезіндегі іс-әрекетке халықтың дайындық деңгейін арттыру», — делінген хабарламада.

Бұл күні халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады. ТЖМ халыққа ескертуге құлақ асып, сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға кеңес береді.