Тұрғындар тілегі ескеріледі
Бүгін аудан әкімі Аманжол Батырбекұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, талап-тілектеріне құлақ түрді.
Қабылдауға келген тұрғындар негізінен шаруашылық жүргізу мақсатында жер мәселелерімен жүгінді. Келген тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады.
Борсеңгір селосының тұрғындары А.Т.Рахметов пен Д.А.Хасенов жеке шаруашылық мақсатындағы жердің құжаттары бойынша мәселе көтерсе, Қаракеңгір селосының байырғы тұрғыны болған Н.Толкимбекова да жер мәселесі бойынша сауалын жеткізді. Өтінішпен келген тұрғындарға аудан басшысы тарапынан көтерілген мәселелерге нақты жауап беріліп, заң аясында орындалатынын атап өтті.
Аудан әкімі тиісті сала басшыларына жеке қабылдауға келген әрбір тұрғынның мәселесін бақылауға алу жөнінде тапсырма берді.
Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.