Мемлекет басқару ісіне ойы ұшқыр, білімі озық, нағыз отаншыл азаматтар көптеп келуі керек – Президент
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты.
«Президенттік жастар кадр резервінде 400 маман бар. Соның 280-і, яғни 70 пайызы орталық және жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарға тағайындалды. Бірқатары квазимемлекеттік секторда және бизнес саласында еңбек етіп жүр. Қазіргі таңда елімізде ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатыр. Мемлекетімізді өркендету үшін жаңа, батыл қадамдар жасалуда. Сондықтан өздеріңіз сияқты еліміздің жалынды жастары осы өзгерістердің қозғаушы күшіне, мықты тірегіне айналуы керек деп санаймын», – деді Мемлекет басшысы жиында.