Бірлесе күрессек, мұратқа жетеміз

Жаңа Қазақстанды құруда сыбайластық пен жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау бағытында елімізде баршама жұмыстар атқарылып келеді. Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы заңы 18 қараша 2015 жылы (№410 – V) толықтырылып қабылданды. Осы заңды мүлтіксіз орындау турғысында еліміз халықаралық жəне ішкі мемлекет көлемінде іс шаралар атқарылуда. Сыбайлас жемқорлықпен күрес — қоғам талабы. Мінсіз қоғам – жемқорлықсыз қоғам, салауатты өмір – парақорларсыз өмір, мықты мемлекет – жемқорлықсыз мемлекет.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық əлі де біздің қоғамымыздың ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық басқада мемлекеттердің біразында бар, Қазақстан одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе ол қалай əшкерленіп жатыр – ол басқа мəселе деп» — атап өтті.
Сыбайлас жемқорлық бұл тек құқық бұзушылық емес. Бұл мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді төмендетеді жəне ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді.Сондықтан мемлекет пен қоғам, халық болып сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп күресулері заман талабы.
Сыбайлас жемқорлық бүл еліміздің дамуының қас жауы деп білемін! Елдің əрбір азаматы өзіне ғана тиісті міндеттің үлкен абыроймен, жауапкершілікпен орындап, заң бұзушылыққа жол бермесе, жақында болып жатқан келеңсіздіктерге төзгісіз қараса еліміздің өркендеуіне, дамуына,саналы азамат тəрбиелеуге əрқайысымыздың қосқан үлесіміз болады деп есептеймін.
ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекция бойынша сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың іс əрекеттері туралы тұрақты түсіндіріліп жəне жоғарыда айтылған заң талаптарың орындау мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарып келеді. Сыбайлас жемқорлықпен пəрменді күресу үшін мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауатын көтеру, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керек екендігі белгілі. Осы бағытта өткен 2023 жылы инспекцияда 5 құқықтық сабақ, 3 дөңгелек үстел, 4 семинар – кеңес өткізілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тұлғаларды ақпараттандыру үшін жергілікті «Ұлытау» газеті жəне «Ұлытау» газетіне сайтына жыл басынан 4 — мақала жарияланды.
«AntikorLive» жобасы аясында тікелей эфирде – 2 баяндама жасалынды.
Мемлекеттік қызмет қөрсету негізінде мекемеде тақта орнатылып, тиісті ақпараттық кеңес алуға мүмкіндік жасалынған.
Аумақтық инспекциясы басшысының азаматтарды қабылдауды күн сайын 16-00 ден 17-00 ге дейін жүргізіледі.
ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жəне мемлекеттік қызметшілердің қызметтік əдебін бұзу мəселесі орын алған жағдайда сенім телефонына: 8 -71035- 2-14-44 хабарласуларыңызға болады.

«ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспкциясы» ММ.