Қазақстан әскерін Таяу Шығыс пен Оңтүстік Суданға жіберуі ұсынылды
Қазақстан 430 әскери қызметшіні БҰҰ бітімгершілік миссияларына жібереді.
Руслан Жақсылық осының негізінде Конституциясының 53-бабының 5-тармақшасына сәйкес БҰҰ-ның төмендегі миссияларына Қазақстан әскерін жіберуді ұсынды:
1. «БҰҰ-ның Голан биіктіктеріндегі бөлуді байқау күштеріне» (UNDOF, Сирия – Израиль);
2. «БҰҰ-ның бітімге келу шарттарының орындалуын байқау жөніндегі органына» (UNTSO, Палестина – Израиль);
3. «БҰҰ-ның Оңтүстік Судан Республикасындағы миссиясына» (UNMISS, Оңтүстік Судан);
4. «БҰҰ-ның Абьейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі уақытша күштеріне» (UNISFA, Судан) қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің саны 430 адамға дейінгі бітімгершілік контингентін (резервтегі рота, штаб офицерлері, әскери байқаушылар және мамандандырылған бөлімшелер) жіберу жөнінде ұсыныс енгіземін.
Парламент тиісті қаулыны қабылдады.