Департаментте – жаңа директор
Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша «Мемсараптама» РМК Ұлытау облысы бойынша департаментінің директоры тағайындалды.
Жеңіс Әлімжанұлы Әлімжан 1978 жылы 9 мамырда Жезқазған қаласында дүниеге келген.
Инженер. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде оқыған. Мамандығы: «Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру».
Еңбек жолын 2000 жылы «Қазақмыс» корпорациясының Сәтбаев жөндеу-құрылыс басқармасында бетоншы болып бастаған.
Әр жылдары «Қарағандыэкспертиза» ЕМК Жезқазған филиалы директорының орынбасары, «Жомарт» кеніші директорының құрылыс жөніндегі орынбасары, «Анненск» кеніші директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, «Қарағандытүстімет» бойынша әкімшілік және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі бас директордың орынбасары, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС күрделі құрылыс департаменті құрылыс бөлімінің жетекші инженері, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС құрылыс бөлімінің бас инженері болып жұмыс істеді. «Қазақмыс» корпорациясы»ЖШС техникалық даму департаментінің техникалық орталығы, «ISS Engineering» ЖШС филиалының және «Эксперт-Строй KZ» ЖШС директоры болып қызмет атқарған.
Бұған дейін «Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысы қызметін атқарған.