Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы тағайындалды
Тимур Әлиханұлы Бижанов 1986 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2007 жылы «ГеоАрхПроект» ЖШС-нің технигі болып бастаған.
2008-2009 жылдары ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Астанатопография» РМҚК-ның маманы;
2010 – 2011 жылдары «ШаңырақСтройСервис» ЖШС Құрылыс бөлімінің мастері, прорабы, құрылыс бөлімінің басшысы;
2011-2013 жылдары ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаменті Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының сарапшысы;
2013-2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы;
2017 – 2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас сарапшысы — мемлекеттік құрылыс инспекторы, басқарма басшысы;
2019-2023 жылдары ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы — мемлекеттік құрылыс инспекторы болған.