Қыста қалтырамас үшін

Ұлытау аудандық орталық кітапханасының модульдік қазандығын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау үшін мемлекеттік сатып алу порталына хабарландыру жарияланып, конкурс нәтижесінде «Марганец» ЖШС ұтып алды.

Аудан әкімі Аманжол Мырзабеков модульдік қазандықтың ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысты.



Қазіргі уақытта КСВР-2500 маркалы екі қазандық жеткізіліп, бір қазандық ескі жылу жүйесіне қосылды. Жылу жүйесінің 80 метр жері қазылып, жаңадан 160 метр құбыр салынды және құбырдың сырты оралды. Одан кейін екінші қазандықты жалғап, құбырларды ғимараттың жылу жүйесіне қосу жоспарланып отыр.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес 11.12.2023 жылға дейін толық аяқталады.

Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.