Комиссия отырысы өтті

Аудан əкімінің орынбасары Алмаз ҚАЙЫРБЕКТІҢ төрағалығымен аудан əкімдігі жанындағы кəмелетке толмағандардың істері жəне олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссияның күн тəртібінде аудандағы көпбалалы жайсыз отбасының мəселесі мен оған əлеуметтік, құқықтық көмек көрсету жайы қаралды. Жиын барысында комиссия мүшелері күн тəртібінде қозғалған мəселені талқылап, оңтайлы шешімдер қабылдады. Сонымен қатар, аталған мəселе бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Комиссия төрағасы Алмаз Қайрбекұлы кəмелетке толмаған əр жасөспірімнің қауіпсіздігі ата-ана мен ұстаздардың ұдайы назарында болуын жəне олардың арасында құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда комиссия дереу шешім қабылдап, алдын алу жұмыстарын жүргізуі қажеттігін жеткізді.

Ұлытау ауданы əкімінің баспасөз қызметі.