Өңірлік өнім көлемінде өсім бар – Берік Әбдіғалиұлы
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Ұлытау облысында жалпы өңірлік өнім көлемі 2,4%-ға өсіп, 750 млрд теңгеге жуықтады. Бұл туралы аймақ басшысының брифингінде белгілі болды.
«Өңірдің экономикалық қызметінің нәтижелерін қорытындылайтын негізгі көрсеткіш — жалпы өңірлік өнім. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында ЖӨӨ 2,4% өсіп, 750 млрд теңгеге жуықтады», – деді облыс басшысы Берік Әбдіғалиұлы ОКҚ алаңында өткен брифингіде.
Аймақ басшысының айтуынша, ел экономикасының жалпы көлеміндегі облыстың жалпы өңірлік өнімінің үлесі 1,6 пайызды құрайды, бұған әрбір өңір тұрғынының қосқан үлесі арқылы қарасақ, жан басына шаққандағы ЖӨӨ көлемі республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Ол 3,3 млн теңгені құрайды, бұл орташа республикалық деңгейден 29,6%-ға жоғары.
Берік Әбдіғалиұлы облыс экономикасының одан әрі даму векторын айқындаушы негізгі фактор өнеркәсіп екенін атап өтті, оның ЖӨӨ-дегі үлесі 60% -дан асады (ҚР-да – 30%).