Мемлекет басшысының Жолдауы – экономикамыздағы өзгерістердің бастауы
Ел Президентінің Жолдауы халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, шетелдік инвесторлардың жауапкершіліктерін арттыруға, адам өмірінің қауіпсіздігін қорғауға, қоғамдағы түйіткілді мәселелерді дер кезінде шешуге, халықтың мүддесін жақсартуға бағытталған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында экономиканың тұрақтылығын арттыруға бағытталған жаңа жоспарды әзірлеу қажеттігі басымдық ретінде берілген.
Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Қазақстанның өсіп келе жатқан экономикалық тәуекелдерді еңсере отырып, тұрақты және қуатты экономикасы бар гүлденген елге айналу мүмкіндігінің зор екенін атап өтті. Кез келген елдің дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі – сол елдегі халық санының өсуі мен адам ресурстары. Халық пен экономикалық мәселелер бір-бірімен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында халықтың табыс деңгейінің, еңбекақы деңгейінің, сапалы білімнің артуы, елімізге қажетті мамандарды даярлауға көңіл бөлу, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелері жан-жақты қамтылған.
Мемлекеттің байлығы ол — адам. Ал адам, толыққанды өмір сүру үшін әрқашанда қолайлы орта қажет. Қолайлы ортаны құруда халыққа барынша жағдай жасау маңызды. Инновацияның жетіспеушілігінен Ұлттық табысты барлық халық көре алмайтындығын айтып, инновацияның дамуына баса назар аудару керектігін ескерді. Өйткені, біз «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» білген, ауызбірлігі жарасқан елміз. Еліміздің көркейіп, экономикасының дамуына, сапалы білім беруге əрқайсымыз өз үлесімізді қосудамыз.
Бұл Жолдауда Қасым-Жомарт Кемелұлы «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын ұсынып, он сегіз жасқа дейінгі балалардың есепшоттарына кірістің елу пайызы аударылып отыратынын айтты. Мұндайды бұрын — соңды естімеген көпшілікпен бірге біз де қуана қабылдап отырмыз. Негізі, Президентіміз ел мүддесін жоғары қойып отыр. Жолдауда ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін, əл-ауқатын жақсартуға бағытталған бірқатар бастамалардың бар болғаны, денсаулық сақтау жəне білім беру саласында мүмкіндіктер туғызғаны көңіл қуантарлық. Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету, тəрбиешілердің жалақысын көтеру, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының қолға алынғаны, əлеуметтік тұрғыдан əлсіз саналатын топтағы балаларға мектеп формасын бюджет есебінен беру –құптарлық жайт.
Қ.ТІЛЕУЛИНОВ,
«Ұлытау ауданы ауыл шаруашылық бөлімі» ММ бас маманы.