Маңызы зор бағдарлама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы Қазақ елінің әр азаматына ой саларлық дүние. Себебі, мақаланы түсініп оқысаңыз, салмақты тұстары көп.

Президент бұл мақаласында Тәуелсіздік алып келген жетістікті, оң өзгерісті тегіс қамтыған. Тәуелсіздіктің басты жетістігі – еркіндік деп айтады. Бүгінгі өмірдегі табыстардың бәрі тәуелсіздіктің нәтижесі деп ой тастайды. Ал, тәуелсіздік әрдайым еңбекпен, ұмтылыспен, елдік саясатпен жалғасып отыратындығы айтылған. Бұл мақалада көңілге қонымды, халықтың күтіп жүрген мәселелері қамтылған.

Мемлекет басшысының тіл жайында айтқан сөзіне зер салсаңыз: «Қазақ тілін, шын мәнінде, бүкіл халқымызды біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқықтық тәсілдері және кепілдіктері қалыптасты. Мәселе – ниетте. Ниеттің дұрыс болуы қазақ тілін меңгергісі келетін адамдарға да, осы мақсатқа жетуге жағдай жасайтын Үкіметке де байланысты» – делінген.

Ал, ойланып қарасаңыз, шынында да ниет болса, өз ана тілінде сөйлеу қиын емес. Ниет бар жерде, нәтиже бар.

Мақалада мемлекет басшысы өткен тарихқа көз тастап, Алаш арыстары жайында тұжырым жасаған. Тарих қатпарларында Алаш арыстары туралы қатталмаған асыл мұраны толығырақ зерттеуді ұсынған. Мұнысы орынды. Өйткені, өткенді білу – парыз.

Негізінде, бұл мақала ел игілігін көздейтін аса маңызды құжат, жаңа бағдарлама екені сөзсіз.

Әубәкір ӘБДІРАХМАНОВ,

ардагер-ұстаз.

ТЕРІСАҚҚАН ауылы.