Таяуда – жаңа туынды
Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөлімшелері туралы «Бүркіт» көркем фильмі ел кинотеатрларының үлкен экрандарына шығады.
Туынды авторларының басты мақсаты – кинокартинаның кейіпкерлері арқылы Отанға деген сүйіспеншілікті, достық пен патриотизмді, намыс пен абыройды, антқа және қызметтік міндетке деген адалдықты жеткізу.
Бұл күнделікті міндеттері қауіпті қылмыстық топтарға қарсы тұру болып табылатын арнайы жасақта қызмет ететін үш жауынгердің достығы туралы әңгіме. Сондай бір қылмысқа қарсы текетіресте оларға өз достығын сынауға тура келеді.
Фильмнің премьерасы 2023 жылдың 2 қарашасында өтеді.