Ұстаздар күніне сыйлық алған мұғалімдерге қандай жаза қолданылады?
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 12 бабы және «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның 50 бабына сүйенсек, беру себебіне (мереке күндері, туған күн), сондай-ақ сыйлықтың түріне, санына, құнына және өзге де сипаттамаларына қарамастан (мысалы, тәтті, кәдесыйлар) кез келген сыйлықты беруге тыйым салынды.
ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 677 бабына сәйкес Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік шарасы — 600 АЕК айыппұл, қылмыстық үшін ҚР Қылмыстық кодекстің 366 бабы — параның 20 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынып, мүлкі тәркіленеді және 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Сондай-ақ, ҚР азаматтық кодексіне сәйкес мұғалімдерге құны 10 АЕК-тен асатын сыйлықтар беруге тыйым салынған. Заңбұзушылық тіркелген жағдайда, ҚР Қылмыстық кодекстің 247 бабы бойынша 2 мың АЕК-ке дейін айыппұл түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген.