Жалпы білім беретін мектептерге қабылдау ережесі өзгереді

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидасына өзгеріс енгізілетінін хабарлады.

Құжатта бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап іске асырылатыны жазылған.
Бұған дейін құжаттар 1 тамызға дейін қабылданатын. Қазір мұндай шектеу жоқ.

Көрсетілетін қызметті беруші оқуға қабылдау кезінде ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан көрсетілетін қызметті алушыларға  оқуға қабылданғаны туралы хабарлама жібереді.