Ұлытау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ғазиз Абюрханұлы Төлеуовтің ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсуіне байланысты Данияр Манатжанұлы Арынғазин аталған басқарманың басшысы болып тағайындалды.

Арынғазин Данияр Манатжанұлы – 2023 жылғы 12 қыркүйектен бастап Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Данияр Арынғазин 1985 жылы Сәтбаев қаласында туған.

Жоғары білімі бар. 2007 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірді.

2011 — 2014 ж.ж. Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің қызметкері, Анкара қаласы.

2014 – 2016 ж.ж. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірді.

2017 – 2020 ж.ж. Түркістан облысы әкімдігі жанындағы «Ырыс» микроқаржы ұйымының директоры.

2020 – 2021 ж.ж. Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы.

2021 — 2022 ж.ж. Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.

2022 — 2023 ж.ж. Ұлытау облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқарма басшысының орынбасары.