Прокуратура органдарында жеке қабылдау тәртібін түсіндіру

Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ұлытау облысы департаментінің (бұдан әрі – департамент) бастығы, бастығының орынбасары және бөлімдерінің бастықтары жүзеге асырады.

Жоғарыда аталған лауазымды тұлғалармен қабылдау күн сайын, алдын ала жазылусыз, департамент бастығы бекіткен кестеге сәйкес жұмыс уақытында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Жеке қабылдау туралы өтініште мәселенің мәні баяндалмаса, оны берген адамға қараусыз қайтарылады.
Қажет болған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау аудармашының қатысуымен жүргізіледі.
Сонымен қатар, департамент басшылығы қала сыртындағы келушілерді қолданыстағы кестеге қарамастан өтініш берген күні қабылдайды.
Қабылдау өтініштің кезектілігі тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысына қатысушылар, оларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, жүкті әйелдер, «Алтын Қыран» ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек ер» атақтары бар адамдар кезектен тыс қабылданады.
Қабылдау кезінде жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі өзінің жеке басын куәландыратын құжатты, ал басқа тұлғалардың атынан жүгінген кезде – олардың мүдделерін білдіру өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынады.
Өтініш берушілердің келісімімен қабылдау бейнеконференцбайланыс арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Жеке қабылдау ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті департаментінің бастығы бекіткен Ұлытау облысы бойынша келесі кестеге сәйкес жүзеге асырылады:
Лауазымды тұлғалардың
ТАӘ Қабылдау күндері Қабылдау сағаты Қабылдау орны

Сәкен Олжабайұлы Ыдырыс
Департамент бастығы

дүйсенбі-жұма
09:00-18:30
Жезқазған қ., Алашахана даңғылы 1,
2 қабат

Ерлан Муратханович Таймурзинов
Департамент бастығының орынбасары
дүйсенбі-жұма

09:00-18:30
Жезқазған қ., Алашахана даңғылы 1,
2 қабат

Қанат Қисапұлы Қисап Департаменттің қылмыстық саладағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы

дүйсенбі-жұма

09:00-18:30
Жезқазған қ., Алашахана даңғылы 1,
2 қабат
Оразхан Бауыржанович Ускембаев
Департаменттің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптасатыру бөлімінің бастығы

дүйсенбі-жұма

09:00-18:30

Жезқазған қ., Алашахана даңғылы 1,
2 қабат