2024 жылы ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
«ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау пәні. «Оқу сауаттылығы» мен «Математикалық сауаттылық» міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарады. Бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұратын болады», -деді министр.
ҰБТ тапсырмалар саны мен жоғары балл өзгеріссіз қалды: 120 сұрақ, 140 балл. Өзгерістерге байланысты тестілеу уақыты қысқарады. Енді ҰБТ тапсыруға оқушыларға 3 сағат 30 минут (210 минут) бөлінеді.
Талапкерлер биылғыдай ҰБТ-ны 5 рет тапсыра алады. Оның үшеуі ақылы негізде оқуға түсуге, екеуі грант тағайындау конкурсына қатысуға мүмкіндік береді.