Бөлімде – жаңа басшы

Ұлытау аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту мемлекеттік мекемесінің жаңа басшысы тағайындалды.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 28-бабы, 1-тармағы, 19-бабының 1-тармағына сəйкес, Қасымбеков Нұрлан Жолаушыұлы Ұлытау аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

Ұлытау ауданының əкімі Аманжол Мырзабеков жаңа басшыны əріптестер алдында таныстырып, алдағы қызметіне сəттілік тіледі.

Нұрлан Жолаушыұлы 2007 жылы Астана қаласындағы Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін педагог-психолог мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы Ұлытау аудандық Киножүйе мекемесінің киномеханигі болып бастаған.

1987-1989 жылдар аралығында Кеңес армиясы қатарында қызмет, 1989 жылы Ұлытау аудандық Киножүйе мекемесінің инженері, 1999 жылы осы мекеменің аға киномеханигі.

2002 жылы Ұлытау аудандық спорт мектебінің жаттықтырушысы.

2005 жылы Целиноград ауданы №21 орта мектебінің аға тəлімгер-психологы.

2008-2011 жылдары «Қазақ ақпарат» ҰК АҚ-да кіші редактор, редактор жəне аға редактор қызметінде болды.

2011 жылдың шілдесінен бастап Целиноград ауданы Оразақ селолық округінің əкімі қызметін атқарған.

2022 жылы ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің «Ұлытау» ұлттық тарихи-мəдени жəне табиғи қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорын директоры.

2022 жылы «Ынтымақ Өрлеу» ЖШС кадрлар бөлімінің басшысы.

2023 жылы Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы Ұлытау аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Аудан əкімінің баспасөз қызметі.