Білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі басталды

24-25 тамыз аралығында еліміздің 20 өңірі бойынша білім қызметкерлерінің республикалық «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» тақырыбында тамыз кеңесі өтуде.

Биыл республикалық тамыз кеңесі жаңа форматта ұйымдастырылуда.  Барлық 20 өңірге тақырыптық бағыттар белгіленген.

Бүгін өңірлерде тақырыптық бағыттар бойынша секциялық отырыстар өтті.
Ұлытау облысында өтіп жатқан «Дарынды балалар – ұлт мақтанышы» тақырыбындағы секциялық отырыстарға 300-ге жуық педагог қатысуда.
Секциялық жұмыстарға ҚР Оқу –ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Сүлейменова Гулназ Төрәліқызы, «Дарын» РҒПО директоры Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы қатысты.

Секциялық отырыстарға облысымыздың 200 педагогі мен республиканың басқа аймақтарынан келген 100-ге жуық педагогтер, эксперттер, ғалымдар, менеджерлер өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Секциялық отырыстарда қарастырылған 6 бағытта 16 спикер өздерінің ғылыми зерттеулерімен, тәжірибесімен, сараптамасымен және жобаларымен бөлісті.
1. Көшбасшылық.
2. Табыс формуласы.
3. Ұлттық құндылық.
4. Оқу мен оқыту.
5. Психологиялық сүйемелдеу.
6. Интеграция.

Сессияаралық үзілісте Ұлытау облысы педагогтерінің тәжірибесін бөлісуге арналған crunch сессия өтті. Сrunch сессияда 25 білім беру ұйымы озық педагогикалық зерттеулерімен бөлісті, воркшоптар, интерактивті диалогтар, демонстрациялық презентациялар ұйымдастырылды.

Тамыз кеңесіне республиканың басқа аймақтарынан келген қонақтар «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайына саяхат жасады.