Түйткілді мәселелер талқыланды
Аудан əкімі Аманжол Мырзабековтің төрағалығымен кіші аппарат отырысы өтті. Оған аудан əкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары жəне онлайн түрде кент, ауыл əкімдері қатысты.
Күн тəртібінде екі мəселе қаралды. Бірінші мəселе – Мемлекеттік сатып алу конкурстары жөнінде аудандық экономика жəне қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Берік Əбілов баяндады.
Екінші мəселе бойынша тапсырмалардың орындалысы туралы аудан əкімі аппаратының Ұйымдастыру бөлімінің басшысы Мадияр Торғаев ақпарат берді.
Күн тəртібіндегі мəселелерге қатысты Аманжол Батырбекұлы Мемлекеттік сатып алу конкурстарының өту барысын бақылауға алуды аудан əкімінің орынбасарларына жəне тиісті мекеме, бөлім басшыларына тапсырды. Екінші мəселе бойынша берілген тапсырмаларды уақытылы орындап, үнемі бақылауда ұстап отыру керектігін ескертті.
Аудан басшысы күн тəртібіндегі мəселелерден бөлек, 2023-2024 жылдарға арналған жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын, сондай-ақ, дала өртінің алдын алу бойынша жұмыстарды тұрақты түрде бақылауда ұстауды тапсырды.
Аудан əкімінің баспасөз қызметі.