Аудан әкімі құрылыс нысандарын аралады
Ұлытау ауданының әкімі Аманжол Батырбекұлы МЫРЗАБЕКОВ аудан орталығындағы бірқатар жеке кәсіпкерлер тарапынан жасалынып жатқан құрылыс нысандарын аралады.
Аудан әкімі атбасын тіреген алғашқы нысан жеке кәсіпкер Ғ.Дәуітбаевтың «Ұлытау» қонақ үйі ғимаратының қосымша құрылыс жұмыстарымен танысты. Жеке кәсіпкер бүгінгі күні қонақ үй алдынан жазғы тамақтану орнын салуда.
Келесі кезекте аудан басшысы Абай көшесінде салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмысын барып көрді. Бүгінгі таңда көп қабатты тұрғын үйдің ірге тасы аяқталу үстінде. Мердігер тарапынан аталған нысанды 2024 жылдың қаңтар айына дейін негізгі жұмыстарын аяқтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, Аманжол Батырбекұлы аудан орталығындағы Бұлқышев көшесінде Ұлытау ауылының тумасы Байғара Тұрсынбаевтың ұрпақтары салып жатқан «АТА-АНАҒА құрмет» аланының құрылыс барысын бағамдады. Аталған алаң ағымдағы жылы толық аяқтау жоспарлануда. Болашақта бұл салынып жатқан алаң Ұлытау селосына архитектуралық келбет беретіні сөзсіз.